Қаратал аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ МКК

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАРАТАЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қаратал ауданына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Рамазанов Манас Ембергенұлы ШЖҚ «Қаратал аудандық орталық ауруханасына» арнайы барып, медициналық ұйымның жұмыс барысымен танысты.

Сапар барысында емхана мен стационар бөлімдерінің қызметі, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, материалдық-техникалық базаның жай-күйі, заманауи медициналық технологияларды енгізу және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды.

Сонымен қатар, аурухананың бүгінгі тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы даму жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Вице-министр медициналық ұйым ұжымының жұмысымен танысып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Басты мақсат – Қаратал ауданы тұрғындарына сапалы, қолжетімді және заманауи медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.