Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Дүниежүзілік тазалық күні — World Cleanup Day аясында «Таза Қазақстан» экологиялық-санитарлық тазалық бағдарламасы бойынша Қаратал аудандық орталық ауруханасының ұжымы сенбілікке белсене қатысты.
🟢 Сенбілік барысында аурухана аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылды, аула ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Қоршаған ортаның тазалығы — баршамызға ортақ жауапкершілік. Таза әрі көрікті орта қалыптастыруға өз үлесімізді қосайық!